Алматы қаласы Білім басқармасының "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-18-97
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-18-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
26
сентябрь
2019

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп - өркендеп, тамырын жайып,бүгінгі күнде жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс - ірекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе - бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шаршып, тыныс - тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке біріге атсалысып,қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: "Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде - бір мемлекеті, бірде -бір саяси тәртіп қорғалған емес". Алайда тарих беттеріне үңілетін болсақ, хандар мен билер дәуірінде сыбайлас жемқорлық деген түсінік болмағаны хақ. Бұдан кейінгі Ресей империясының отарлау саясаты кезеңінде жемқорлықтың жаппай белең алғаны белгілі. Мұны қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлең жолдарынан байқауға болады:
- Болыс болдым мінекей
Бар малымды шығындап,
Түйеде қом, атта жал 
Қалмады елге тығындап, - деп жырлауында өз заманына үлкен өкініші бар екені белгілі.

Қорыта айтар болсақ «Әділдік жоқ жерде пара белең алады»,   Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Барлық азамат күш - жігерін біріктіріп, осы дерттің алдын - алу қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебімізде 10- сынып оқушыларымен бірге тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы жан - жақты мәлімет беріліп, одан сақтану жолдарын, алдын алу мәселелері қарастырылды. Оқушылардың ой - өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуде, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ  даярлауға осындай сабақтар септігін тигізеді деп ойлаймын.
                                                                                                  Камысбаева Катира Балабекқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

31 август 2019 Хабарландыру
29 июль 2019 Хабарландыру
23 ноябрь 2016 Директор
28 январь 2015 Хабарландыру