Алматы қаласы Білім басқармасының "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-18-97
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-18-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ББМ-нің балалардың құқығын қорғау комитеті ұсынады:
09
апрель
2020

ББМ-нің балалардың құқығын қорғау комитеті ұсынады:

Құрметті достар!
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналар мен педагогтарға карантин уақытын балаларды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға пайдаланып жатқандығын баяндайтын бейнематериалдары үшін алғыс айтады. Әрине, балаларды белгілі бір тәртіпке, гигиеналық талаптарды орындауға үйрете отырып, біз ағзаға пайдалы дағдыларды қалыптастырамыз және сол арқылы олардың денсаулығын сақтаймыз. Балалардың өз бетінше іс-әрекеттерінің маңызды түрі - таңғы жаттығулар. Таңғы жаттығу біздің бәрімізге қажет, әсіресе балаларға пайдалы, олар үшін таңғы жаттығулар: Біртіндеп болу керек. Қарапайым жаттығудан қиынға. Жүктемені біртіндеп арттырғандай, ағзаны салыстырмалы тыныш күйге келтіру үшін біртіндеп төмендету қажет. Әртүрлі болу керек. Баланың қызығушылығын арттыру үшін әрбір 10 күн сайын 1-2 жаттығуларды ауыстырып отыру қажет. Тұрақты болу керек. Тек жүйелі түрде орындалған кезде ғана сауықтыру әсеріне қол жеткізіледі. Күн сайын ірі бұлшықеттерді жаттықтыра отырып, біз алмасу процестерін жандандырамыз, ағзаның барлық жасушалары мен тіндерін қоректендіруге қолайлы жағдай жасаймыз. Балада күн сайын жаттығу жасау әдетін ерте жасынан қалыптастыру керек. Қалыпты болу керек. Баланың қатты шаршап қалуын болдырмау үшін барлық жаттығуларды қалыпты қарқынмен орындау қажет. Қол жетімді болу керек. Балалар жаттығуларды игеруге аса көп күш жұмсамау үшін, олар қарапайым және таныс болуы керек. Балалармен бірге таңғы жаттығудың фото-бейне түсірілімдерін жолдасаңыздар ризашылығымызды білдіреміз.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2822583851171592&id=1408694932560498

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: