Алматы қаласы Білім басқармасының "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-18-97
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-18-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2020

Жаныңда жүр жақсы адам

Еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысынан өтуде. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Осындай шәкірттерді тәрбиелеу ісінде, ұлттық құндылықты дарыту жұмысымен айналысып жүрген №146 мектеп гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Қамысбаева Қатира жөнінде айтпақпын.
Елбасымыз: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады! Сондықтан ұстазға жүктелетін жүк ауыр», - деп атап көрсеткен болатын. Ал қазақ ата-бабамыз «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Қатира Балабекқызы көктем болып, күн жылынғаннан, қар түскенге дейін Қазақстанның барлық аймағына оқушылар үшін экспедициялар ұйымдастырады. Баланың танымын кеңейтеді, тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұлы дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейді.
Қамысбаева Қатира апайдың өзге мұғалімдерден ерекшелеп айтатын қасиеті – өте еңбекқор. 2004 жылдан бері қарай «Мәдени Мұра» бағдарламасынан бастап, мектеп оқушыларын Қазақстанның барлық тарихи-мәдени жерлеріне экспедицияға апарып жүр. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, демеушілерді өзі тауып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік автобустарды қолдана білуінде. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарым-қатынас, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру. Белсенді, саналы ойлай алатын, ауызша, жазбаша, көзбен көру арқылы өз болжамдарын дәлелдерімен ұсына алатын, келешегіне сенімділікпен қарайтын, жаңашыл идеяларды үнемі жаңартып отыратын тұлға тәрбиелеу. Білім беру мен тәрбие жұмысын қатар алып жүру, ұрпақ бойына, тұлғасына көзбен көрсету арқылы дәлелдеу үлкен күш-жігерді қажет етеді. «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде патриоттық, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, білімпаздық, толеранттылық сияқты ортақ құндылықтарды ұлттық кодты сақтай отырып, жас ұрпақ бойына сіңіру көзделеді.
Жаңа заман талабына сай жаңа технологиялардың, әдіс-тәсілдердің, әсіресе, сын тұрғысынан ойлаудың біржақты болып қалуын шектей отырып, өзінің ойлау қабілетінің шама-шарқын біліп, балалардың интеллектуалдық қабілетін жоғары деңгейде дамытуға ат салысу, қазақ халқының рухани құндылықтарын бала бойына сіңіруді көруімізге болады. Оқушы тек білімді ғана меңгеріп қана қоймай, білімі мен ойлау қабілеттерін, өздерінің проблемаларын шешу құзіреттілігін қалыптастыруына, ақпаратты құзіреттіліктерін дамытуына, коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыруына мүмкіндік жасауға жағдайлар жасау. Ал, адамшылық қасиеттерін жоғары деңгейде дамыта отырып, ұрпақ болмысын қалыптастыру – ұстаздың қолында. Қатира Балабекқызы - оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына қалай дарытамыз? Міне бұл сұрақтың жауабын былай берсе болады. Құндылықтарды іс-әрекет арқылы, сұрақтар арқылы, кері байланыс, рефлексия арқылы. Бұл баланың бойында өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілік, құрмет, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Әрбір жас ұрпақ өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Жастар бойына сапалы білім мен өнегелі тәрбиені рухани байлық етіп дарыту – мектептің асыл мұраты, атқарып отырған игі ісі. Өндірісте болсын, басшылықта болсын, ғылымда я білімде болсын – қайда жүрсе де жұлдыздай жарқырап, еліне жанашыр патриоттық сезіммен қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеп жатқан ұстаздарымызға басыңызды иесіз. Бұл жандар ұлы мамандық иелері. Қазақта айтылатын «Сегіз қырлы, бір сырлы» теңеуін Қатира Балабекқызына да арнап айтса болады. Бұл кісі өзі ақын, өзі әнші, ір жердің тарихымен таныстыруды бастағанда, сол жерге байланысты шыққан әнді немесе сол өлкеден шыққан тұлғаның әнін де шырқап береді. Тағы бір ерекшелігі, Тарихты тануды сол өлкенің атауы мен шығу төркінін зерттеуден бастайды. Оқушыларға зерттеу жұмыстарын да өз өлкесінің тарихын анықтауға береді. Біздің еліміздің әрбір тасы жатқан бір тарих. Бұны зерттеп, зерделеу бүгінгі ұрпақ алдында тұрған үлкен міндет.
Оқушыларды ұлттық құндылықтарға, шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Осынау сақ даласын көргенде, иен даланы тарихи оқиғалармен сабақтастыра баяндағанда оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері қандай болмақ:
-"Бұндай кең жазиралы, сұлу табиғаттың, иесі, өз Отанымның келешек ұрпағы мен екенмін!» мақтаныш сезіммен еліне деген патриоттық құндылығы қалыптасады. Ал, құндылыққа бағытталған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталған ұстаным қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабалар мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді. Әртүрлі тарихи кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы оқушылар тарихи үдерістің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінеді.
Қорыта айтқанда, әрбір тарихшы Қатира Балабекқызы секілді ұлттық құндылықтарға баулу ісіне өз деңгейінде атсалысса, теорияны тәжірибемен ұштастырып жүргізсе, Мәңгілік Елдің ұрпақтары – мәңгілік жасайды. Шәкірт жанының рухани азығы – асыл ұстаздар жасап жатқан ерен еңбектеріңіз ақталсын!
Гүлбала КЕНІШТАЙҚЫЗЫ

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасының бүгінгі кейіпкері – Алматы қаласы, Бостандық ауданы №146 мектеп – лицейінің тарих пәні мұғалімі, озық тәжірибелі ұстаз, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтының академигі – Қамысбаева Қатира Балабекқызы.
Қатира Балабекқызы оқушының білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, сонымен қатар жүйелі жұмыс атқару арқылы әрбір сабақты жаңаша ұйымдастыру және оқушылардың ұлттық санасын оятып, жүрегіне жол таба білуді жанына мақсат тұтып келеді.
Аузын ашса, жүрегі көрінетін Қатира апай әңгімесін еш бүкпесіз, салмақты үнмен жалғастыра келе, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Оқушыны жаңа тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімдеу, оларға жүйелі жәрдем беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттайтын қабілет – қасиеттерін дамыту керек екендігіне баса назар аударады.
Ол 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген (су қоймасы) қазіргі Ордабасы ауылында дүниеге келді. Балалық шағы сол ауылда өтіп, сол ауылда Ы.Алтырсарин атындағы орта мектепті үздік бағамен аяқтайды. Кейін 1981-1987 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және экономика факультетін бітіреді. Өмірдің заңдылығымен таза тарихшы болып, қазіргі таңда тарих пәнінен, қоғамтанудан сабақ береді. 1987 жылы университет қабырғасын бітірісімен өмірлік серігін кезіктіріп тұрмысқа шығады. Негізгі ұстаздық қызмет жолын Жезқазған қаласының Педагогикалық институтынан бастады. Әйелдің басты рөлі қызметін атқарып, өмірге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиесімен айналысып, сегіз жыл үйде отырған. 1994 жылдан бастап үлкен баласы №146 мектеп-лейцейіне 1 сыныпқа оқуға барады. Сол кезден бастап №146 мектеп-лейцейіне мұғалім болып қабылданған. «Баланы алып-бару, алып-келу үшін университетке қайтадан бармадым, сол күйі мектепте қалдым. Бұған ешқашан өкінбеймін. Себебі, маған балалармен уақыт өткізген көбірек ұнайды. Менің басты мақсатым – оқушыларды шығармашылыққа баулу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу», – дейді Қатира Балабекқызы.
2004 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы шыққалы бері сол бағдарламаны жан-жақты зерттеп, үлкен жобалар қорғаған. Алматы қаласындағы орыс тілді балаларды қазақ тілінде баулу, тарихқа деген ынтасын арттыру, Отанына деген патриоттық сезімді дамыту үшін оқушылар ең алдымен көзбен көріп, қолмен ұстауы тиіс. Сол себептен де оқушыларды сабақ ортасында үнемі сыртқа алып шығып жүремін. Көрген нәрселерімен таныстырамын. Соның нәтижесінде балалардың тілі дамиды. Тарих естерінде қалады, – дейді ардақты мұғалім.
Сонымен қатар өнегелі ұстаз тарихи оқиғаларға сценарий жазумен де айналысады екен. Мысалы, Жоңғар шапқыншылығы десе сол тақырыпта Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Шапырашты Наурызбай батырлардың барлығын зерттеп сценарийін жазып, сол бойынша спектакль қойылым көрсетеді. Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай «Қазақфильм» киностудиясынан арнайы костюмдер алып, хандардың шеруін шығардым. ҚазҰУдың ғалымдары, профессорлары келіп қатысты. Бұйырса, келесі жылы театр ашуды жоспарлап отырмын. Мұның барлығы балалар үшін. Сонда ғана балалардың ойында көп қалады. Содан көптеген шығармашылық балалар дүниеге келе бастады. Ұстаздан шәкірт озар демекші көптеген шәкірттері сахнаға шыққанның арқасында қазір бірі кинорежиссер болып, енді бірі киноға түсіп жүр. Атап айтсақ, үздік оқушы болған Паша Мұхаммедәлі бүгінгі таңда Қазақ Британ техникалық университетінің грантын жеңіп алды. Сонымен қатар, Кенішбай Ботагөз «Қазақфильм» киностудиясында продюссер-режиссер болып қызмет атқарады. Қазіргі уақытта қысқа метражды кинолар түсірумен айналысуда. Ұстаздың бақыты – шәкіртінің мерейі үстем болғаны. Осындай көптеген шәкірттерім бар. ҰБТ бойынша тарих пәнінен оқушыларым ең жоғарғы баллды жинайды. Ешқашан нашар балл алған емеспіз. Қаланың ең мықты мектептері қатарындамыз – дейді ұстаз зор мақтанышпен.
Қамысбаева Қатира Балабекқызы жетістіктері ұшан-теңіз:
  • 2003-2004ж. – аудандық олимпиададан – ІІ орын
  • 2003-2004ж. – қалалық олимпиададан – ІІІ орын
  • 2004-2005ж. – аудандық олимпиададан – І орын
  • 2004-2005ж. – қалалық олимпиададан – ІІ орын
  • 2004-2005ж. – аудандық олимпиададан – ІІІ орын
  • 2005-2006ж. – аудандық олимпиададан – І орын
  • 2005-2006ж. – қалалық олимпиададан – ІІ орын
  • 2007-2008ж. – аудандық олимпиададан – І орын
  • 2007-2008ж. – қалалық олимпиададан – І орын
  • 2006ж. “Ең үздік сценарий” “Қазақ тарихы” журналы мақтау грамотасы
  • 2007ж. АҚББЖМБК ж/қ ҚДИ – грамотасы
  • 2007ж. – ИПК.ПКСО. Алматы қаласы – грамотасы
  • 2008ж. 2 қазан – Алматы қаласы, Бостандық ауданының әкімі А.Кәрімоллин “Құрмет грамотасы”
  • 2010ж. Отырар шайқасына – 790 жыл. Қалалық іс-шара
  • 2011ж. “Махамбетті тану” қалалық сайыс І орын. Республикадан  ІV орын.
  • 2011ж. – Мектеп сахнасына арналған сыныптан тыс іс-шаралар үлгісі
  • 2012ж. 17-19 мамыр “Тарих ата” VII республикалық олимпиададан – І орын
  • 2013ж. Абылай ханға – 300 жыл. Қалалық іс-шара
  • 2013ж. Аудандық олимпиада III орын.
  • 2013ж. Түркістан қаласы. Республикалық конференция.
  • 2013ж. Алматы қаласында Республикалық конференция.
  • 2014ж. Алматы қаласы. Өлкетану бағдарламасы аясында қалалық семинар.
  • 2014ж. 3 наурыз. Қ.Р. Министрі А.Сәрінжіпов. Құрмет грамотасы.
  • 2014ж. ҚазҰУ Таймағамбетов Ж.Қ. Мақтау қағазы
  • 2014ж. Аудандық оқу бөлімінің мақтау қағазы
  • 2014ж. Өлкетану бағдарламасы “Өлкені тану – өмір талабы” әдістемелік құрал
  • 3 жылдық ҰБТ көрсеткіші: 2011 ж. 22 ұпай
  • 2012 ж. 23 ұпай
  • 2013 ж. 22 ұпай
  • 2014ж. 22,25 ұпай бағасы 4,83
  • 2014ж. ҚР Білім және ғылым Министірлігі,   Ғылым комитеті « Мемлекет Тарихы Институты» Мемлекеттік мекемесінің Сертификаты мен алғыс қағазы.
  • 2014ж. Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың құрмет грамотасы
  • 2015ж. аудан олимпиададан 2 – орын
  • Калалық 1- орын
  • Республикалық 1- орын
  • Халықаралық 3 – орын
  • 2015-2016жж. аудандық олимпиада 1- орын
  • Калалық 4 – орын
  • 2015ж. Білім басқармасының Құрмет грамотасы
  • Қазақ хандығының -500 жылдығына қалалық семинар өткізді, сценарийлер жазды.
  • 2015-2016жж. т.ғ.д. профессор Т.О.Омарбековтың алғыс хаты
  • 2015-2016жж. Аудандық оқу бөлімі басшысы Касен Х.А. – мақтау грамотасы
  • 3 жылдық ҰБТ көрсеткіші: 2011ж. 22 ұпай, 2012ж. 23 ұпай, 2013ж. 22 ұпай, 2014ж. 20,6 ұпай, 2015ж. 21,5 ұпай
  •  Дүниежүзі тарихы: 2014ж. 20,5 ұпай
  • 2016-2017жж. ҰБТ көрсеткіші Қазақстан тарихы 20 ұпай,
  • 2016ж. “Тарихы терең-Мәңгілік ел” оқушы шығармашылығы жарық көрді.
  • 2017ж. “Ұлы даланың ұлы аналары” тақырыбындағы оқушы шығармашылығы жарық көрді.
  • 2016ж. қараша Астана Елбасы кітапханасында өткен “Әлемді өзгертетін идеялар” семинарына қатысып, сертификат алды.
  • 2016ж. Құқықтану олимпиадасынан аудандық 2 орын.
  • 2017ж. Рухани жаңғыру. Туған жер аудандық сайысынан 1 – орын. Қалалық сайыстан 3 – орын алдық.
  • 2017ж. қараша, қазан айлары “Туған жерге тағзым” тақырыбымен оқушылармен, ата-аналармен саяхатқа шығып шығармашылықпен айналысып кездесулер өткізілді.
  • 2017ж. Қалалық тамыз конференциясында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу тақырыбында өз тәжірибесімен бөліскен екен.
   «Балалар қазір көптеген эссе жазады. Солардың ойларын тыңдатқым келеді. Ондағы негізгі мақсатым – бала өзінің жұмысымен барған жеріне мақтанып айтса, ол есінде қалады. Менің негізгі мақсатым сол. Басқа артық ойымда ештеңе жоқ. Сол Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәдени Мұра» бағдарламасының алғашқы атауы «Мәңгілік ел». «Мәңгілік ел» деп ең бірінші Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк осы үштіктен басталып Әл-Фараби , Қорқыт, Асан қайғы осылай жалғастырдық.
2012 жылы шыққан Елбасының 2050 бағдарламасында Н. Назарбаев «Мәңгілік ел» деген терминді неліктен қолданғанын зерттеп көрдік. Ең алдымен біз ғылыми жұмыс орындаймыз. Одан кейін біз кітап қылып шығардық. Америка Құрама Штатындағы Вашингтон университенің профессоры Отырар қаласын қазып жатқан археолог Майкл Фрачеттидің өзі кітаптың тұсауын кесті. Бұл кітаптың танылу тарихы қызықты оқиғамен орын алған екен. Ендеше қалай болғандығын біз де тыңдап көрейік. Хабар арнасынан «Жаңа күн» бағдарламасынан журналистер келіп бұл кітапты түсірді. Араға бір-екі күн салғаннан кейін «Казахстанкая правда» республикалық газетінен хабарласып сұхбат алды. Сөйтіп газетке шықтық. Сол газетті Елбасы оқиды екен. Сөйтіп Елбасының «Әлемді өзгертерін идеялары» бағдарламасы шығады екен соған бізді шақыртты. Сөйтіп бұл кітап Елбасының кітапханасына қойылды. Тарихы терең Мәңгілік ел деген бағдарламаны оқу жүйесіне еңгіземіз деп жүргенде біз кітап қылып шығардық» – дейді ұлағатты ұстаз өз ойын білдіріп.
Өз ісінің білгір маманы оқушылармен жиі саяхаттап, табиғатпен тыныстап тұрады. Бұл туралы Қатира апай былай дейді: «бүкіл Қазақстанның және көптеген тарихи орындарында болдық. Атап айтар болсақ, Отырар қаласы, Түркістан, Отырар мен Түркістан қаласынан шыққан жерасты 200 км Шаян деген жерде Ақмешіт үңгіріне бардық. Сол үңгірге барған кезде Өмірзақ Шөкеев бізге батасын берді. Жақсылап аралап, зерттеулер жүргіздік. Әл-Фарабидің айтқан өлеңі бар:
-Кеткенім жоқ, елім сенен,
Бақыт, байлық, тақ іздеп
Кеттім сенен шалғай іздеп
Білім атты шам іздеп, – деген.
  Әл-Фарабидің « Қайырымды қаланың тұрғындары деген кітабы бар. Ол кісі Ұлы Жібек жолымен кете берген. Дамаскіде 80 жасқа келгенде қайтыс болды. Бірақ арманы елге жету еді. Ол кісі дүние жинаған жоқ. Әйел алған жоқ, бала-шағасы жоқ тек қана білім алғысы келген. Балаларға білім берді, артында бізге жеткен кітаптары ғана қалды. Балаларды сонымен қатар Бейбарыстың басына апарып тағзым жасаттым. Осының бәрін оқып, анау Білгеден бастап, Күлтегін, Тоныкөк айтқан екен ғой деп біз материал жинатқыздық. Бұның барлығы балалардың еңбегінің арқасы. Балаға рухани білім беремін. Сосын балаға айтамын естігеніңді, көргеніңді, тыңдағаныңды айтып бересің деймін. Бала табиғаттан алған әсерімен бөліседі, сезінеді. Музейге барғанда тарихқа таң қалады да, табиғат аясына барғанда өзінің елінің сұлулығына тамсанады.
Қара сөзбен көбірек жазамын. Кішкентай бала кезімде әкем кім боласың балам?-деп сұрағанында актриса болам деп жауап бергенмін. Біздің үрім-бұтағымызда бұл саланы меңгерген ешкім жоқ. Сондықтан үйдегілер әртіс болғанымды жақтыртпады. 10-класта кім боласың деп екінші рет сұрағанда жазушы болғым келеді дедім. Атам Асқар Лекеровтың келінімін. Келіні-ененің топырағынан атамның «Айналайын» деген кітабы болған. Сөйтсем, атама тартып жүр екенмін ғой. Кім боласың дегенде әкем өзі мен білем кім болатыныңды сен врач боласың деп еді. Себебі менен кейінгі інілерім врач. Мен адамның денесіне қол тигізуге қорқамын деп бас тарттым. Мен мұғалім боламын дедім. Содан мынауың дұрыс екен. Киноларды көріп отырып, сериалдағы актрисаларға қарап, туу әртіс болсам ғой деп армандайтынмын. Бірақ мен мұғалім болғандығыма өкінбеймін, – дейді Қатира Балабекқызы.
–    Сіз үшін ұстаз болу….
–     Мен үшін ұстаз болу… Ең әлемде керемет мамандық бар ма десе, мен ұстаз болу деп жауап беретін едім. Өйткені әлемдегі барлық мамандықтарды, бүкіл елімізді басқарып отыратын басшыларымызды осындай деңгейге жеткізетін ол ұстаз. Осындай бір керемет сөз бар: Бір мұғалім бар: алдынан тез кеткің келеді, Бір мұғалім бар: артынан жүгіріп жеткің келеді. Бір ұстаз бар: алдында мәңгілік жүгініп өткің келеді. Сондықтан болашақта біздің ұрпақтарымыз мемлекетімізді гүлдендірген кезде ұстаздарына келіп жүгінеді. Сондықтан мен мұғалімдерге айтам сен алдынан тез кеткісі келетін ұстаз болмауың керек, сен артынан жүгіріп жеткісі келетін мұғалім болуың керек. Сосын кейін сенің алдында ол мәңгілік жүгініп өтетін болуы керек. Ұстазым рақмет сізге деп. Сіз маған білім бердіңіз алғаш сахнаны үйреттіңіз, Отанымның керемет екенін көрсеттіңіз. Біз соларға қарап қуанып отыруымыз керек.
– Ұстаз болу мен үшін әлемдегі ең биік мәртебелі мамандық. Оған нағыз жүрегімен табынып, жүрегімен сезініп келу керек. Оны таңдаған кезде одан шаршамау керек, талмай, шаршамай барлық жаңалыққа Елбасының жасап жатқан жаңалығына бейімделіп, жұмыс жасай алу керек. Сосын мына орыс тілінде сөйлеп жүрген балаларды үш тілге тарту керек. Ең алдымен ана тілінде – қазақ тілінде, одан кейін орыс тілінде, сосын ағылшын тілін жақсы білуі тиіс.
Қатира Балабекқызы балалардың болашағына алаңдап қазіргі өзекті мәселеге айналып отырған «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» туралы да өз ойымен бөлісе кетті. Латын әрпіне қарсылығым жоқ. Себебі оныншы ғасырдан жиырмасыншы ғасырға дейін 900 жыл бойына біз араб әліпбиінде болдық. Сосын жиырма тоғызыншы жылдан бастап біз латынға көштік. Латыннан біз 40-жылдан бастап кириллицаға көштік. Енді кириллицадан қайтадан латынға көшіп жатырмыз. Бұл дегеніміз латынға көшу дегеніміз әлемдік деңгейде біздің көп елдердің тұнып жатқан тығылып жатқан біздің болашағымыз оқи алмайтын біле алмайтын білімдерін осы латын әліпбиімен үлкен деңгейге жете алады дегенге мен сеніммен қараймын, – дейді.
Отбасында сүйікті жар, екі қыздың аяулы анасы Қатира апайдың атасы Ұлы Отан соғысының ардагері танымал жазушы Асқар Лекеров болса, ағасы Қарабек Ағабек Қарабекұлы білікті дәрігер. Жақында ғана марқұм болып кетті. Бірақ ол кісінің 158 ойлап тапқан дүниелері қалды.
Гүлия Айтуғанова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

27 сентябрь 2019 Ұстаздарға кеңес
31 август 2019 Хабарландыру
23 ноябрь 2016 Директор