Алматы қаласы Білім басқармасының "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-18-97
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-18-83
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Санжар Керімбаймен кездесу
15
декабрь
2025

Санжар Керімбаймен кездесу

Алматыға да Өзбекәлінің өрнегі ақыры жетті. Қазір Ақтөбе, Семей, Орал, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Арыс, Нарынқол шаһарлары тұлғаларды жаппай оқытып, оқушыларды профессионал өмірге дайындап жатыр. Өзбекәлімен, Қанышпен, Жұмабекпен “ауырған” оқушының екі көзі оттай жанып, білім мен өнерге жаппай сүңгіп жатыр. Бірақ осы кереметті көшке Астана мен Алматының бірде бір орта мектебі ілеспей, тас бүркеніп, сауытына тығылған тасбақадай жатып алған еді. Сен тимесең мен тиме деген бадыраңгөз директорлар құр әншейін науқанмен әуре боп жүрген. Кеше осы Алматыдағы меңіреу тыныштықты 146 мектеп ұжымы ақыры қиратты. Директоры - Ғабидолла Қабылзиятұлы! 1970-ші жылдары Арқалықта Өзбекәлі ашқан Пединститутты бітірген нағыз жаужүрек батыр екен. Директордың оң қолы да, сол қолы да сенімді уәзірлер болып шықты. Әсіресе 9-шы б класының жетекшісі Жанат Жақамбайқызына дән риза болдым. Оқушыларына мәдени майданды жаттатып тастаған. Ұлы да, қызы да от қой от! Шіркіндер жалындап жанып тұр ғой жанып тұр! Төрт команданың екеуі Жанат апайдың шәкірттері екен. Өзбекәліні оқып алғандары шоқ боп тұрса, оқымаған оқушылары керісінше көрінеді. Бірақ Алматы үшін бұл өте-мөте ұлы оқиға. Орыс тілі, ағылшын тілі және физика-математикаға табынатын алматылық ата-аналар үшін бұл деген — ДЕҢГЕЙ! 
Енді Ғабидолла ағайдың ұжымы осылай екі жыл төтеп беретін болса - шаруа бітті дей бер. Күннен күнге рухани шөгіп бара жатқан мектептер 146 мектептің алдына кеп түнейтін болады. Себебі мектеп ішін жайлап алған бүкіл келеңсіздікті тамыр-тұмырымен қопарып тастайтын ең тәжірибелі мектеп Алматыда осы мектеп болғалы тұр. Ғалымдар мен министрлер де дәл осы оқу орнынан қаптап шығатын болады әлі. Ендеше Ғабидолла ағайдың ұжымына жеңіс пен береке-бірлік тілеп қояйық, алматылықтар✊✊🙏🙏

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: